Астана IT университетінің психолог маманы Каликанова Асель Мухаметқалиқызына алғысымды айтқым келеді. Осында оқитын балама психологиялық көмек керек болған соң Асель
Мухаметқалиқызының көмегіне жүгіндік. Нағыз жоғары деңгейдегі маман, адами құндылықтарға бай екенін байқадым. Өзінің бір харизмасы бар, сүп-сүйкімді, сөзбен жеткізе алмаймын енді ). Мінезі тұйық баламды өзіне жақындатып, сөзге тартып, аша білді. Бір қабылдауынан-ақ еңсеміз көтеріліп, мотивация алып, көңілді болып қайттық. Тығырыққа тірелген жерден жол ашып бергендей болды. Қабылдауынан кейін де, маған тел. шалып жағдайымызды сұрастырып, кеңес айтып жүреді.
Асель Мухаметқалиқызы, сізге алғысым шексіз! Жұмысыңыздың жемісін көріңіз, отбасыңызға аманшылық тілеймін! Осындай жақсы мамандар көп болса деймін.
Психологиялық көмек қажет болса, Асель Мухаметқалиқызына ойланбай жүгінуге кеңес беремін.