Жалпы қонақүйдің орналасқан жері өте ыңғайлы, тыныш. Ғимарат ескі. Бөлмелерін көрген жоқпын. Қонақүйдің 3-ші қабатында офистер, складтар, тіпті кішігірім мед.орталық(Каусар медикал) бар екен. Мед.орталықта өт тазалау, гайморитті емдеудің жаңа әдістерін қолданады екен.
Өте жақсы мейрамхана! Кәуаптары керемет, өте дәмді! Даяшылары күліп қарсы алады! Терезе жақтан көше, көліктер қозғалысы, адамдардың жүргендері әдемі үйлесімді көрінеді! Жалпы мен үшін "Азиапарк" ОСО-ның орны ерекше! Тып тыныш, құжырлаған адамдар көп емес, балалармен қорықпай келуге болады. Ал "Navat" мейрамханасына барлық жағынан 10-нан 10 беруші едім!
Барлығы өте жоғары дәрежеде! Амбулаторлы хирургия бөлімшесінің барлық мамандарына өте жоғары ұпай беремін! Анестизиолог, Уролог өте мықты өз ісінің мамандары! Варикоцелле рецидивімен операция жасаттым. Өте мықты бір сөзбен 10 - нан 10 берем. Медбикелері мейірімді, санитаркаларына да үлкен алғыс! Алланың нұры жаусын! Қолдарыңыз дерт көрмесін!