Жаңа адамдармен танысуға жақсы жер. Жаңа зданиясының екінші этажында отыратын орындар бар. Сол жерде әртүрлі жас жігіттер, сммщик, мобилограф, видеографтар отырады. Жаңа орта қалыптастыруға жақсы жер жалпы.
Қателеспесем Шымкенттегі жалғыз коворкинг шығар. Видеограф, маркетологтарға жиналып ақылдасатын жақсы орын. Офисі жоқ, үйде ноутпен жұмыс істеуге мүмкіншілігі жоқ адамдарға керемет орын, смело ноутбукпен келіп жұмысыңды бітіріп кете бересің.
Аэропорт сол кәдімгі аэропорт, іші кең, адасып қалмайсыз. Түсінбеген нәрсеңізді кез келген қызметкерден сұрасаңыз, көмектеседі, түсңндіреді. Ешқандай минус көрмедім.
Бұл жердің пловы ерекше, Шымкентте бұндай плов жемеген едім. Шайхана пловын жеуді ұсынамын, өте дәмді. Пловты қолмен жеңіздер, оданда дәмді болады. Мен бұл жерге риза болып кеттім. Енді бұйыртса әрқашан келіп отырамыз. Басқа басқа плов жеу үшін барамыз. Айтқан бұл жерде пловты сіз айтқан уақытқа дайындап береді, таңертең істелг ен пловты ысытып әкелмейді. Сіз мынау уақытқа десеңіз, сол уақытқа дайындап береді. Бастысы жарты сағат алдын хабарласып айтып қойыңыз.
Бұл жердің пловы жақсы, дегенмен маған мойын дегені ұнады. Мойынды сондайынан дайындап әкеледі, жеп тоймайсыз. Өте дәмді, Ташкентке барсам тағы кіремін. Сіздерге де ұсынамын.
Қаладағы ең күшті сервиске ие қонақ үйлердің бірі, тіпті ең күштісі деуге де болады. Басқа қаладан қонақтарым келсе, осы қонақ үйге орналастырамын. Бағалары да тиімді. Бір кемшілігі, бөлмеде мини барда пиво тұрады. Сол болмаса тіптен күшті болушы еді.
Тамақтары өте дәмді, әсіресе қазақ еті деген тағамы ұнады. Обслуживаниесі де жақсы. Басқа қаладан қонақтар келсе де сол кафеге апарамын. Сіздерге де кеңес беремін.