Табиғаттың берген жылы суы тамаша, шипасына күмән жоқ, алайда жатып ем алушыларға жағдай жасалмаған. Стандарт номерін адам басына тәулігіне 16000 тенгеге алдық. Номер іші ыстық, ауасы тар, санитарлық торабының тозығы жеткен. Үш мезгіл тамағы кіреді (порциясына өз басым тоймадым) Банясының ванналарын таза жумайды, сырттан келушілерді жатып ем қабылдайтын бөлімнің ванналарына кіргізе береді. Тазалаушы апайларға жуып беріңіз деп өтінгенімізде, ваннаға су шашып бере салды. Ваннаның стенкаларына кір жабысып тұрғаны көрініп тұр.