Керемет сапалы білім беретін оқу орны. Үлкен ұлымды курсқа даярлыққа бергенмін, әуелі Алла сосын осы мектептің арқасында ұлым БИЛ мектебіне оқуға түсіп, биыл бітіргелі отыр. Енді кіші ұлымдыда осында даярлыққа беремін бұйырса! Алла разы болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Жеті тандырдың осы жері ұнамады. Даяшылар сыпайы, жылдам. Ыдыстары үлкен болғанымен бірақ аспаздары тамақтың порциясын өте аз салады екен. Ақшасына не стоит, ал Алаш базардағы Жеті тандыр керемет, тамақ тойып жейсің, көңілің тоқ болса қарның тоятыны анық. Басшылық қолға алады деп ойлаймын.
Тағамның түрлері өте көп, дәмді, қызмет көрсету сапасы керемет ұнады. Даяшылар сыпайы, жылдам, аспаздар керемет дайындайды. Қуырдағы, балығы ұнады. Халал тамақтар барсаңыздар өкінбейсіздер!
Білдей бір облыстың вокзалы деуге айтуға ұят! Жасалған ремонт өте сапасыз, күту залында орындықтар сынған, орындықтар аз. Қазіргі заман талабына сай емес, туристерді күтіп алуға ұят. Есесіне қызметкерлер сыпайы, өз істерін біледі!
Қымыз, қымыран, шұбат, құрт, май барлық ассортимент бар. Соғым жылқы еті 2400 тг, түйе еті 1700 тг екен. Қызмет көрсету сапасы жақсы, тазалық сақталған, қызметкерлер сыпайы, тез әрі жылдам!
Жаныңа керектің бәрі бар базар ғой. Автотұрақты ретке келтірсе тіптен жақсы болар еді! Базарда пысық болмасаң аузыңды айға қаратып кететін саудагерлер аз емес! Әсіресе қайыр сұрап жүретін, бал ашып беремін дейтін сығандардан сақ болыңдар! Әпкемді алдап, арбап 7 мың теңгесін алып қойыпты.
Клиника жақсы, Гулмира Полатовнаға ерекше алғыс өз ісінің маманы, Сымбат медбике бәріне үлгереді. Кезек күтіп көп отырмайсың, клиенттерге сыпайы, дәрігерлер дөрекі емес. Тек ревматолог жетіспейді!