Арақ шарап сідігі жоқ әдемі жер. Туалеті тап таза құрғақ. Зал өткелінде бөлек тағы да қол шаятын жер бар. Бала ойнай тұратын жері бар термокілем төселген. Оңаша зал да бар, өзінің қол шаятын жерімен. Қызметкерлері керемет!
Бағасы сәл қымбаттау. Палаудың дәмі керемет, тек қызылордалықтар ондай қатты тықырлаған өзбек палауды онша жей бермейді. Жергілікті халық жұмсақ шашпа палау жейді, тіпті Жалағашқа қарай жұмсақ ботқа сияқты сулы қылып жейді. Ішінде телефон антенна ұстамай қалады, есептесерде wifi сұрап маңырап жүресің, репитер қою керек оларға. Қалған жағы керемет, іші тап таза уютно. Қызметкерлері өте жақсы 👍
Бағасы а рзан дүкен Қызылордамыздағы. Тұтынушы көп, сондықтан көлік те көп, кептеліп жатамыз, сонда да Асқарға бара береміз. Тек жақсылық болсын. Асқар дүкені тек алға!
Қызылордадағы жақсы парктардың бірі. Тазалығына әңгіме жоқ, мұнтаздай. Тазалықшылар ы уақытылы тазалап жинап ағаш гүлдің бәрін суарып, түнде жарығын жағып жарқыратып қояды. Жазда күн ыстықта қаланың халқы плет палаткы жастығын арқалап пикникке келеді ішетін жейтінін арқалап. Тапсырыспен анау мынау алдырып жейді. Әуежай жолының бойында, дәрияның сол жағалауында әдемі салынған. Жеміс ағаш көп. Халық батут, белсебет анау мынауын әкеліп жалға беріп ақша табады. Тек бұл паркқа мемлекет қолдап жатса үлкен карусель орнатса, т.б сол сияқты қарапайым адамның әлі келмейтін үлкен әдемі дүниелерді әкелсе тіпті керемет болады.
Оте жақсы сауда орны, неге?
Себебі қызметкерлер командасы жақсы, әдепті.
Басқа жерлердегі сияқты клиенттің көзінше ұрыссып, өз имидждерін түсіріп жатпайды молодцы👍
Овощтың балдары молодец, витринасы тап-тар, кенересі төмен болса да, тар болғаны үшін тез таусылып қалып жатса да үндемей барып келіп жатады. Жерден сәл биік қып, кең, кенерелі қып істеп берсе, балдарға жақсы болар еді, қайта-қайта жүгіре бермейтін.
Жалпы оте жақсы жер, басшыларына айтарым, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетуге тырысыңыздар, қажетін ап беріңіздер, витринаны біресе анда, біресе мында ауыстырта бермеңіздер бос жүргенін қызғанған адам құсап. Ісін бітірсе бос жүрсе жүре берсін, жұмысшыны отқа да боққа тықпау керек, әркім өз жұмысын істеуі керек сонда бәрі жақсы болады.
Сіздерде бәрі жақсы деп ойлаймын, аман жүріңіздер!