Густо кафесінің тағамдары, әрине, дәмді. Бірақ! Сонымен бітті, болды. Бағалары қымбат. Мен түсінбеймін, неліктен жануарлады кіргізеді? Одан қалса, ақ және қысқа шашты даяшы сол біреудің итін сипап құшақтап, ары қарай жуынбай тамақ тасып жатыр!!!
Қызмет көрсетуімен ассортиментіне ештеңе айта алмаймын. Алайда бағалары ғарыштан келген дәрілердей өте қымбат! Баға айырмашылықтары өзге дәріханалармен салыстырғанда жермен көктей!
Шымкенттегі 7тандыр тым айтарлықтай мықты емес. Сервис жақсы болар, десе де тағамын жылытып беретіні қатты көңіл қалдырды. Нан жұмсақ емес, тамақтары дәмді бірақ жылытып әкелінгендіктен көңіл толмады. Түркістандағы 7тандырда болмадым
Жұмысы жақсы, бірақ керекті мамандар тек түске дейін жасайтыны өте нашар! Алыстан келгендерге тым қиын! Кейде арзымайтын нәрсеге бола ертең келесіз деп мазаны алатыны бар
Жанар май ағасы тым қымбат және бірнеше рет өзім көрген нәрсе бензині таза болмайды. Көлік қозғалысына қатты әсер етті, бензинінде конденсат көп! Өзгелердің де айтқанын естігенмін!
Жекеменшік клиниканың барлығының жағдайы бір ма әлде мен қателесемін бе?! Бір дәрігер 6-7сала маманы! Ол қалай сонда? Нефоролог, проктолог, хирург, травматолог т.б... Мен ойымнан шығарып жатқан жоқпын. Сенбесеңіз барып көріңіз!