Өз тұтынушылары бар жер. Дегенмен алдыға ұмтылу, даму стратегиясын қарастыру керек деп ойлаймын. Сол жақ жағалауға да көшу, клиент үшін күресу керек сияқты.
Өте керемет монша, барлығы ойластырылған. Бағасы да Астана үшін қымбат емес. Тұз шахталары, шығыс, батыс бу бөлмелері ойдан шықты!!! Тек асханасында ақшаны кезек күттірмей төлеу жүйесін қайта қарауды ұсынамын. Себебі моншадағы адам телефонына қайта-қайта жүгіру қолайсыздық танытатыны түсінікті.
Өте әсем зал. Салтанатты жиындар мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ыңғайлы. Тек бір мәселесі ұйымдастыру барысында қаржылық қиындық туғызады. Сахна безендіру жұмыстарын өздері белгілеген компания тарапынан ғана жүргізу құқығы берілген.
Өте жақсы сауда орталығы, орналасқан жері, жер асты паркингі, адамдарды тастап кету, алып кету үшін тегін уақыт қарастырылған. Дүкендер желісі, тамақтану корттары және т.б.
Күннен күнге қаланың әрі сәнін келтіріп тұрған, әрі жақсы демалуға болатын жер. Тал-дарақтары бой алып, қыста ық, жазда көлеңке мен таза ауа беріп, бала-шағамен керемет уақыт өткізетін баққа айналды.
Сонымен қатар, денсаулығыңызды реттеу, жақсарту мақсатында көптеген алаңшалар қызмет көрсетеді.