Отбасылық демалыс, туған күн, кішігірім компаниялық отырыстарғы арналған киіз үйлер ыңғайлы екен. Таза ауа сарқырап аққан су, әдемі табиғат көрінісі жанға жайлы. "Қала шуынан ми ашыса ол жерде таудан сарқырап аққан судан миың ашиды))) "
Мен бассейнге жүзуді үйренуге бардым. Бір айдың ішінде судан қорықпауды үйрендім. Шыңғыс ағайға рахмет. Тағы біраз жаттыққанымда күшті болатын еді, бірақ үй алып ол районнан көшіп кеттім.)))
Тамақтары өте дәмді. Рамазан айында ауыз ашар жасағанбыз. 20 адамға жақсы дастархан жайдық. Көңілімізден шықты.Шашликтері керемет. Жазда жазғы алаңда отырдық, таза, сыпайы қызметкерлері бар.
Өнімдерін екі жылдан бері қолданамын. Босанудан кейінгі бетімдегі қара дақтардан арылдым. Бетті ағартуға арналған кремдері топ. Күнделікті бет күтімін jain-нан үйрендім. Рахмет саған Jain. Labar
Керемет кірің кетіп тазарып қаласың. Пары ыстық. Іші таза, артық исі жоқ. Керек жабдықтары бар. Қол жетімді бағада, жақын жерде баня болғаны қандай күшті. 👍👍👍👍