Мен осы аталған қаржы институмен 2011 жылдан бері үнемі байланыстамын.
Аллаһқа шүкір!
Құдайдың берген балаларыма «Депозит» ашып, 2020 жылы сол кезде жинақтаған «Депозит» жинағымды сатып, жеңіл автокөлік алдым. Кейіннен «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 2021 жылы Тараз қаласы,«Бәйтерек» ықшамдауданынан пәтер алдық.
Бұл аталған орталықтан мен үнемі жеңіл автокөлігімнің «Жаз» және «Қыс» маусымына арналған дөңгелектерін сатып алып, сол жерге тегін ауыстыртып отырамын.