Арақ шарап сідігі жоқ әдемі жер. Туалеті тап таза құрғақ. Зал өткелінде бөлек тағы да қол шаятын жер бар. Бала ойнай тұратын жері бар термокілем төселген. Оңаша зал да бар, өзінің қол шаятын жерімен. Қызметкерлері керемет!
Браунис
Сентябрь 2023
5
Бағасы сәл қымбаттау. Палаудың дәмі керемет, тек қызылордалықтар ондай қатты тықырлаған өзбек палауды онша жей бермейді. Жергілікті халық жұмсақ шашпа палау жейді, тіпті Жалағашқа қарай жұмсақ ботқа сияқты сулы қылып жейді. Ішінде телефон антенна ұстамай қалады, есептесерде wifi сұрап маңырап жүресің, репитер қою керек оларға. Қалған жағы керемет, іші тап таза уютно. Қызметкерлері өте жақсы 👍
Аскар
Август 2023
5
Бағасы арзан дүкен Қызылордамыздағы. Тұтынушы көп, сондықтан көлік те көп, кептеліп жатамыз, сонда да Асқарға бара береміз. Тек жақсылық болсын. Асқар дүкені тек алға!
Qalqaman kids park
Август 2023
5
Кіру бала басына 1000 тң арзан. Жайлы атмосфера, балаға да анаға да.
парк им. Первого Президента Республики Казахстан
Август 2023
5
Қызылордадағы жақсы парктардың бірі. Тазалығына әңгіме жоқ, мұнтаздай. Тазалықшылары уақытылы тазалап жинап ағаш гүлдің бәрін суарып, түнде жарығын жағып жарқыратып қояды. Жазда күн ыстықта қаланың халқы плет палаткы жастығын арқалап пикникке келеді ішетін жейтінін арқалап. Тапсырыспен анау мынау алдырып жейді. Әуежай жолының бойында, дәрияның сол жағалауында әдемі салынған. Жеміс ағаш көп. Халық батут, белсебет анау мынауын әкеліп жалға беріп ақша табады. Тек бұл паркқа мемлекет қолдап жатса үлкен карусель орнатса, т.б сол сияқты қарапайым адамның әлі келмейтін үлкен әдемі дүниелерді әкелсе тіпті керемет болады.
Aray City Mall
Сентябрь 2021
5
На светофоре ОМЦ. Өте жақсы жер. Ішінде бәрі бар. Арендасы да базар жоқ ұша бер. Автотұрағы да керемет! Қасында Арай Аквапарк бар.
Sinooil
Апрель 2020
1
AИ80 нету везде
Автовокзал
Апрель 2020
5
Баянбай ағамыз жақсы кісі ғой👍👍👍
Шейх-С
Апрель 2020
5
Бипек авто болған бұрын, кәзір білмим не екенін. Мемлекеттік мекеме ма білмеймін кәзір.
Кызылорда
Апрель 2020
5
Оте жақсы сауда орны, неге?
Себебі қызметкерлер командасы жақсы, әдепті.
Басқа жерлердегі сияқты клиенттің көзінше ұрыссып, өз имидждерін түсіріп жатпайды молодцы👍
Овощтың балдары молодец, витринасы тап-тар, кенересі төмен болса да, тар болғаны үшін тез таусылып қалып жатса да үндемей барып келіп жатады. Жерден сәл биік қып, кең, кенерелі қып істеп берсе, балдарға жақсы болар еді, қайта-қайта жүгіре бермейтін.
Жалпы оте жақсы жер, басшыларына айтарым, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетуге тырысыңыздар, қажетін ап беріңіздер, витринаны біресе анда, біресе мында ауыстырта бермеңіздер бос жүргенін қызғанған адам құсап. Ісін бітірсе бос жүрсе жүре берсін, жұмысшыны отқа да боққа тықпау керек, әркім өз жұмысын істеуі керек сонда бәрі жақсы болады.
Сіздерде бәрі жақсы деп ойлаймын, аман жүріңіздер!