Үйдің ішін білмеймін, сырты шаршаңқыраған. Мәрмәрі шытынап түсуде. Бизнес жайларға көтерілетін сатылар қолайсыз. Бетоны ойық-ойық, мүжілген. Ғимараттың түнде жарықтандырылуы жоқ.
Qaz Stroy Mart
Ноябрь 2024
5
Құрылысқа қажетті құралдардың барлығы бар. Тіпті жалға электр құралдары да қарастырылған. Сонымен қатар, есік, ламинат сияқты заттарды да алуға болатын дүкен.
Tamdy
Ноябрь 2024
5
Өте жақсы дүкен, барлығы бар деуге болады. Азық-түлік, жеміс-жидек, үйге қажетті майда-шүйде мен тұрмыстық химия. Сатушылары өте биязы. Кәсібіне сәттілік!!!
Донер на Абая
Ноябрь 2024
5
Донеріне сөзім жоқ, бірақ кезекті өзге тілде айтуы намысыма тиді. Ішінде қаракөз қандастардан басқа өзге этнос өкілдері жоқ. Дегенмен айтқан ескертуіме құлақ асып, мемлекеттік тілде айта бастағанына көп рахмет!!!
Акрополис
Ноябрь 2024
5
Жақсы орталық, әсіресе Максима дүкені қала ішіндегі желілерге қарағанда кең ассортиментімен ерекшеленеді. Балықтары өте дәмді. Орталықтың өзі де зәулім және түрлі дүкендерді таба аласыз.
Филаретай
Октябрь 2024
4
Бағасы арзан, қолжетімді. Ресепшнде қазақ әкпеміз отыр. Тұрған жері орталықтан сәл алыстау. Таксимен жүрсеңіз орталыққа 7-10 минут.
Аэропорт Арланда
Октябрь 2024
5
Өте үлкен әуежай. Қала орталығынан 42 шақырым қашықтықта жатыр. Қалаға жету орташа 8к теңге. Дегенмен метроға қарасты автобусқа мініп, метроға ауысу арқылы бару арзандау, 4е шамасында болады. Шатаспасам 60 минут уақыт беріледі.
Панаехали
Октябрь 2024
4
Жалпы жаман емес, бірақ шулы жер. Есік алдында тұратын күзет қызметінің мәдениеті төмендеу.
CrepeCafe
Октябрь 2024
5
Әдемі, сәнді, әрі дәмді.
Best Western Vilnius
Октябрь 2024
5
Өте жақсы қонақ үй, тұрған жері де ыңғайлы. Көне қалаға да, базарға да жаяу шыға бересіз